"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің мамандары жеке кәсіпкерлер мен сауда қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға тауардың шығарылған елі, өндіруші, жеткізуші немесе сатушы туралы мәліметтерді қамтитын құжаттарсыз немесе тауар туралы қазақ және орыс тілдеріндегі сенімді және жеткілікті ақпараттарсыз сату айтарлықтай ауыр айыппұл салуға әкеп соғады, ал кейбір жағдайларда бүкіл партиясы тәркіленуі мүмкін.
"Жоғарыда аталған фактілерді растай отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 203-бабында шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 45 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 70 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 150 АЕК-ке дейін айыппұл мөлшері анық көрсетілген. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде бұл әрекет қайталанса, айыппұл мөлшері артады. Сонымен қатар, кәсіпкер өз бизнесі үшін беделінен айырылады. Ал халық зардап шегетін болса, Қазақстанның Қылмыстық кодексі іске қосылады", – дейді "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің өкілі Жанна Биятан.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында жүргізілген азық-түлік сапасына мониторинг жүргізу барысында қоғам белсенділері Ақтөбе қаласындағы сауда орнында сатып алу кезінде бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады. "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестіктері өкілдері көлемі 310 мл "Чай" сусынын сатып алды. Қаптамада өнім туралы, сондай-ақ өндіруші, елі және шығарылған күні туралы ақпараттар жоқ. Шай "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ Ақтөбе филиалының тестілеу орталығына жіберілді.
Сурет: Жанна Биятан
Зертханада Кеден одағының "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігітуралы" 021/2011 және "Тағамдық өнімдердің таңбаламасына қатысты" 022/2011техникалық регламенттеріне сәйкес, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі зерттелді.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында сатылатын барлық қапталып-оралған өнімдерде міндетті түрде тамақ өнімінің атауы, оның құрамы, саны, өндірілген күні, жарамдылық мерзімі, өндіруші белгілеген сақтау шарттары, тауардың атауы және орналасқан жері туралы, өндіруші, сондай-ақ импорттаушы ұйым, пайдалану бойынша ұсынымдар немесе шектеулер, тағамдық құндылық көрсеткіштері, тамақ өнімдерінде ГМО пайдалана отырып алынған компоненттердің бар-жоғы туралы мәліметтер берілуі тиіс. Қазақстан Республикасында рұқсат етілген өнімдерді сәйкестендіру ЕАС Бірыңғай айналым белгісін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұл өнімнің Кеден одағының техникалық регламенттерінде белгіленген барлық сәйкестікті растау рәсімдерінен өткенін және осы өнімге қолданылатын барлық техникалық регламенттердің талаптарына жауап беретінін көрсетеді.
"Зерттеу нәтижесінде азық-түлік өнімдерінің санынан басқа барлық ақпараттың, оның ішінде импорттаушы туралы ақпараттың жоқтығы анықталды. Мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат жоқ, сондықтан сусын туралы ақпаратты анықтау мүмкін емес. Өнімнің "Чай из трав" таңбаламасы қолданыстағы 022-2011 техникалық регламентіне сәйкес келмейді. Микробиологияны зерттеу кезінде улы элементтердің: қорғасын, кадмий және мышьяктың сынауға келмейтін мөлшері анықталды. Концентрациясы МемСТ белгілеген қалыптан аспайды. Мұның барлығы 2024 жылдың 22 қазандағы №1732 сынақ хаттамасында жазылған", – дейді Жанна Биятан.
Қазақ тіліндегі ақпараттың жоқтығы "Қазақстан РеспубликасындағыТіл туралы" заңын да бұзады. Тұтынушы мемлекеттік тілде ақпарат алуға өзінің конституциялық құқығын жүзеге асыра алмайды.
"Сатып алушыларға ең алдымен, қаптаманы зерттеп, қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты тексеруді ұсынамын. Ақаулы өнім қайтарылған жағдайда қажет болуы мүмкін кассалық ақшаны немесе сату түбіртектерін сұраңыз. Сатушыдан өнімнің сертификатын сұрауға болады. Сәйкестікті растайтын құжаттың болуы – денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін сертификаты жоқ өнімдерден аулақ болуға көмектеседі. Өнімнің сәйкестік туралы декларациясының бар-жоғын өз бетінше қарау үшін ЕАЭО-ның берілген сәйкестік сертификаттары мен тіркелген сәйкестік декларацияларының бірыңғай тізілімінің ақпараттық ресурсын, сондай-ақ қазақстандық тізілімді пайдалануға болады", – деп түсіндірді құқыққорғаушы Жанна Биятан.
Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған.
Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.
ҚР МСИ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік тапсырысы аясында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста сапасыз және қауіпті азық-түлік өнімдері анықталуда.
Тұтынушының құқығы бұзылған жағдайда тұрғылықты жеріңіз бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабарласуға болады, байланыс нөмірлері ҚР МСИ сайтында (Ақтөбе облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті) орналасқан. Сенім телефоны: 8 (7132) 548 126).
Осыған ұқсас сұрақтар бойынша 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.