Мамандар шұжықтың техникалық регламентке сәйкестігін тексерді

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі тағы бір өнімнің сапасын зерттеп көрді.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі жариялаған "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу" мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде ақпараттық қызмет көрсету арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жұмысын жүргізуші – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі мемлекеттік сатып алу қызметтерін жеткізуші болып табылады. Бұл ауқымды азық-түлік сапасын бақылау жобасы қоғамдық бірлестіктердің бастамасы мен мемлекеттік қолдаудың арқасында жүзеге асты. Жоба аясында сауда желілерінен сатып алынған өнім үлгілеріне зертханалық зерттеулер жүргізілді.

Осылайша, Ақтөбе қаласындағы дүкендердің бірінен жасырын сатып алушы әдісімен салқындатылған, пісірілген "Б" санатындағы "Говяжья оригинальная Халяль" шұжық өнімін (өндіруші – РФ, Самара облысы, "Дуслык" ЖШС) сатып алған. Сатып алынған тауарлар шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқару Медициналық орталығының Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" РМК-на зерттеуге жіберілді.

Сурет: Жанна Биятан

Зертхана жан-жақты зерттеу жүргізді, оның ішінде өнімнің таңбаламасын тексеру және құрамындағы доңыз ДНҚ-сын "DN Animal Ident Pig HS оқшаулау әдісі" бойынша зерттеулер жүргізілді. Жануарлардың ДНҚ құрамын 2024 жылдың 23 қазандағы № 1021/711 хаттамасына сәйкес "DNAnimalIdentPigHS" оқшаулау әдісін қолдана отырып анықтауда, өнімде доңыз ДНҚ-сы жоқ деп табылды. 2024 жылдың 24 қазанындағы № 1021/715 хаттамасына сәйкес, тағам өнімінен "DN Animal Ident Chicken" оқшаулау әдісімен жануарлар ДНҚ-сы құрамын зерттеу кезінде тауық ДНҚ-сы анықталды. Дегенмен, өндіруші бұл ақпаратты құрамында көрсеткен.

Сондай-ақ шұжықтың Кеден одағының "Тағам өнімдерінің таңбаламаына қатысты"022/2011 техникалық регламентіне сәйкестігі тексерілді. Мамандар өнімдегі таңбалама тек орыс тілінде екенін анықтады. Мемлекеттік тілде ақпарат болмаған.

"Қазақстан Республикасы "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 25-бабына сәйкес, тек бір немесе шет тілінде берілген ақпарат – берілмеген деп есептеледі. Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексінің 425-бабының 1-бөлігінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы талаптарды, сондай-ақ гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттерді бұзғаны үшін адам денсаулығына зиян келмеген жағдайда, жаза көзделген. Бұл бапта кәсіпкерлік субъектісіне қарай 30-дан – 1600 АЕК-ке дейінгі айыппұл қарастырылған", – деп толықтырды сарапшы Жанна Биятан.

Анықтама: Мамандар жоғары сапалы пісірілген шұжықтың қандай болуы керектігін түсіндірді. Өнімде ет болуы керек, сонымен қатар өндіруші соя, сүт немесе жұмыртқаның ағын қосуы мүмкін. Сонымен қатар, қайнатылған шұжықтарға крахмал мен натрий глутаматы жиі қосылады. Қызғылт түс әрқашан сапа көрсеткішін білдіре бермейтінін есте ұстаған жөн, өйткені шұжыққа қызғылт реңк беретін бояулар бар. Ал хош иісті арнайы қоспалар арқылы жасауға болады. Нағыз қайнатылған шұжық кесілген кезде сәл сұр түсті болуы керек (бұл табиғи еттің реңкі), тығыз, құрғақ болуы шарт. Өнім үгітілмеуі немесе үзілмеуі тиіс – бұл құрамында басқа қоспалар бар екендігінің айқын белгісі. Сонымен қатар, өндірушілер көбінесе шұжыққа табиғи тартылған ет емес, ұсақталған сүйектері бар ет қосады. Бұл өнімнің дәміне қатты әсер етеді.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған.

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасына жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ тарататын ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.

ҚР МСИ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік тапсырысы аясында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста сапасыз және қауіпті азық-түлік өнімдері анықталуда.

Тұтынушылардың құқықтары бұзылған жағдайда тұрғылықты жеріңіз бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабарласуға болады, байланыс нөмірлері ҚР МСИ сайтында (Ақтөбе облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті) орналасқан. Сенім телефоны: 8 (7132) 548 126).

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.

Қазақстан Тұтынушылық бақылау
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: