Президент тапсырмаларын орындау: биыл жатақханаларда 10 мыңнан астам орын енгізілуде

Ел дамуының маңызды бағыттарының бірі азаматтарды қолжетімді және сапалы білім берумен, оның ішінде жаңа студенттік жатақханалар салу арқылы қамтамасыз ету болып табылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында 2025 жылға дейін жоғары оқу орындары мен колледждердің жатақханаларында кемінде 50 мың жаңа орын енгізуді қамтамасыз ету міндетін қойды.

Қазіргі таңда Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту Министрліктері өңірлермен бірлесіп осы бағытта белсенді жұмыс жүргізуде. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында елімізде жатақханаларда жыл сайын 10 мыңнан астам жаңа орын енгізіледі. Осылайша, 2018 жылдан бастап елімізде жоғары оқу орындары мен колледж студенттері үшін 50 966 студентке 211 жатақхана пайдалануға берілді.

Сурет: "Қаржы орталығы" АҚ баспасөз-қызметі

"Бүгінгі таңда республикалық маңызы бар өңірлер мен қалаларда құрылыс-монтаждау жұмыстары белсенді жүргізілуде, жаңа нысандар пайдалануға берілуе және бүгінде студенттер жаңа жайлы үйлерде тұруда. Ағымдағы жылдың қараша айындағы жағдай бойынша елімізде 8575 орындық 29 жаңа жатақхана пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 1,5 мың жаңа орын пайдалануға беріледі деп күтеміз", - деді "Қаржы орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Асқар Ибраимов. 

Заманауи студенттер үйі Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Павлодар, Атырау, Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында ашылды.

Сурет: "Қаржы орталығы" АҚ баспасөз-қызметі

Бүгінде студенттік жатақханалардағы орындардың қажеттілігін қысқарту мақсатында мемлекет студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігін іске асыруда, бұл мемлекет тарапынан құрылыс салушыға инвестициялық шығыстарды кезең-кезеңімен өтеуді, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің осы салаға кеңінен қатысуын көздейді.

"Астана және Алматы қалаларында студенттердің көп келуіне байланысты Министрліктер әкімдіктермен бірлесіп студенттік жатақханаларды салу және реконструкциялау мәселелері бойынша инвесторлармен жұмыс істеу үшін бір терезе қағидаты бойынша жобалық кеңселер құрды. Күнделікті негізде жатақхана құрылысына өз үлесін қосқысы келетін көптеген инвесторлар жобалық кеңсеге жүгінеді. Тек Астанада келесі жылы алдын ала деректер бойынша кемінде 1500 жаңа орын пайдалануға беру жоспарлануда", - деп атап өтті Асқар Ибраимов. 

Студенттер саны бойынша жетекші қала Алматы қаласы болып табылады. Өткен жылы қалада жобалық кеңсе ашылған сәттен бастап кәсіпкерлер мен ЖОО-лар 14 жатақхананы пайдалануға берді. Ағымдағы жылы Жол картасына сәйкес 4000 орынға арналған тағы 7 нысанды іске қосуды аяқтау жоспарлануда.

Механизмнің тұжырымдамасы мемлекет пен жеке сектордың серіктестігінде жатыр. Жеке құрылыс салушы инвестор, оқу орны не кәсіпкер тұлғасында өз қаражаты есебінен объектіні енгізуді жүзеге асырады. Серіктестік сәтті іске қосылған кезде мемлекет нысаналы мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жүзеге асырады. Мұнда үш маңызды параметрді атап өту керек.

Біріншісі - орналастыру принципі. Мемлекеттік тапсырысты орналастырудың басты шарты студенттің тұру фактісі болып табылады. Яғни, жан басына қаржыландыру принципі жұмыс істейді. Мемлекеттік тапсырыс мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, құрылыс немесе реконструкциялау жолымен жаңа жатақханаларды іске қосуды жүзеге асырған барлық ұйымдарда орналастырылады.

Екіншісі - орналастыру мерзімі. Мемлекеттік тапсырыс құрылыс кезінде 6 жыл және объектіні реконструкциялау кезінде 8 жыл мерзімге орналастырылады.

Үшіншісі - төлем мөлшері. Бір студентке мемлекеттік тапсырыстың жыл сайынғы мөлшері: құрылыс кезінде 6 жыл ішінде Алматыда қаласы бойынша 230 АЕК және еліміздің басқа өңірлерінде 195 АЕК төлейтін болады. Ғимаратты реконструкциялау кезінде 8 жыл ішінде Астана және Алматы қалаларында 92 АЕК, еліміздің басқа өңірлерінде жылына бір студентке 47 АЕК төленеді (2024 жылы бір айлық есептік көрсеткіш 3692 теңгеге тең).

Бұл ретте алғашқы 12 айда мемлекеттік тапсырыс түзету коэффициентін ескере отырып төленеді, ол екіге тең (яғни, тұратын студенттердің саны 2-ге көбейтіледі, бірақ жобалық қуаттан аспауы тиіс).

Осы тетікке сәйкес мемлекет тарапынан басты талап - салынған жатақхананың нысаналы мақсаты 20 жыл ішінде өзгермеуі тиіс. Екінші талап - жатақханада тек студенттер, докторанттар мен магистранттар тұруы керек.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: