КАМАЗ Қазақстан нарығына сапа кепілдігі мен бірегей қаржылық ұсыныспен шықты

Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Алматы қаласында Орталық Азиядағы ең ірі көлік және логистика саласына арналған іс-шара – "TransLogistica Kazakhstan 2025" халықаралық көрмесінің 28-ші шығарылымы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көрме алаңында 20 елден 270 компания бас қосты. Қатысушылар қатарында Қытай, Ресей, АҚШ, Беларусь, Германия, Үндістан және Пәкістан секілді елдердің компаниялары болды. 128 қазақстандық және 142 шетелдік компанияның қатысуы – Қазақстанның субқұрлықтағы басты логистикалық хаб ретіндегі маңызын көрсетеді.

Көрменің басты жаңалықтарының бірі – Қазақстандағы ресми дилер – "Алматы Автоорталығы" ЖШС ұсынған "КАМАЗ" компаниясының стратегиялық жаңа өнімдерінің тұсаукесері болды. Кәсіпорын К5 сериясындағы магистральдік тартқыштар – КАМАЗ-54902 және КАМАЗ-65659 үлгілерін және автопаркті жедел жаңартуға бағытталған арнайы қаржылық бағдарламаны таныстырды.

К5 буынының жаңа техникалары: жан-жақты шолу

Жаңа үлгілер К5 сериясының заманауи желісінің жалғасы ретінде түрлі логистикалық міндеттерге тиімді шешім ұсынады.

КАМАЗ-54902 (4x2): өңірлік тасымалдарға арналған стандарт. Бұл екі осьті седельдік тартқыш аймақаралық тасымалдарға және қысқа қашықтықтарға арналған. Ол Еуро-5 стандартындағы KAMAZ-689.510-400 қозғалтқышымен жабдықталған (8,9 литр, 390 ат күші, айналу моменті – 1700 Нм). Сондай-ақ, 12 сатылы автоматтандырылған беріліс қорабы, үлкен көлемді жанармай багы бар.

"Алматы Автоорталығы" ЖШС директоры Радик Софиянов бұл көлік ауыр жүк тасымалына бейімделгенін айтты. Жүргізушіге жоғары жайлылықты қамтамасыз ететінін кең кабина мен бір ұйықтайтын орын бар, заманауи 10 дюймдік сенсорлы мультимедиалық жүйемен жабдықталған.

КАМАЗ-65659 (6x2): магистральге арналған инновация. Үш осьті бұл тартқышта 12 литрлік, 482 ат күшіне ие Еуро-5 стандартына сай KAMAZ-910.52-460 қозғалтқышы орнатылған. Ерекше артықшылығы – автоматты көтерілетін артқы ось. Бұл функция жүксіз жүргенде жанармай шығынын азайтып, дөңгелектердің тозуын төмендетеді. 600 литрлік жанармай багы алыс жолдарға арналып жасалған. Кабинада екі ұйықтайтын орын, ортопедиялық матрастар, жылытуы бар пневматикалық орындық, климат-бақылау жүйесі және автономды жылытқыш бар.

Vollkraft тентті жартылай тіркемесі: толық логистикалық шешім. КАМАЗ жүк көліктерінен бөлек, өзбекстандық UzAuto TRAILER серіктестігі шығарған үш осьті Vollkraft тентті жартылай тіркемесі де таныстырылды. Көлемі – 110 м³. Ол екі осьті тартқышпен бірге жұмыс істеуге бейімделген. Тент пен түрлендірілетін конструкциямен жабдықталған.

Радик Софиянов бұл комбинация компанияның нарыққа кешенді түрде еніп отырғанын көрсететінін айтып өтті:

"Біз тұтынушыға дайын, толық шешімді ұсынамыз – бұл техникалық жағынан оңтайлы таңдалған логистикалық құрал",- деді ол.

Сурет: Zakon.kz

Бәсекеге жауап: сапа мен бірегей қызмет көрсету

Қазіргі таңда Еуразия жүк тасымалдау нарығында азиялық өндірушілерден айтарлықтай бәсеке бар. Олар жыл сайын жаңа модельдер ұсынып келеді. Осы орайда, "КАМАЗ" секілді алпауыт компания өз артықшылықтарын нығайтуға ден қойып отыр:

"Егер кепілдік кезеңіндегі көлік жолда бұзылып қалса, біз клиентке қосалқы көлік ұсынамыз. Осылайша, ол өз бағытын жалғастыра алады. Қазақстанда барлық өңірлерде 20-ға жуық уәкілетті сервис орталығы жұмыс істейді – мұндай желіні басқа ешбір компания қамтамасыз ете алмайды". Радик Софиянов

Сурет: Zakon.kz

Қаржылық шешім: лизинг – автопаркті жаңартудың тиімді құралы

Техникалық артықшылықтармен қатар, КАМАЗ өзінің қаржылық аренда бағдарламасын да ұсынып отыр. Бұл – автопаркті жаңарту үшін үлкен инвестициясыз тиімді жол.

K5 жаңа модельдері үшін ұсынылатын шарттар:

Радик Софиянов бұл бағдарламаға сұраныс жоғары екенін атап өтті:

"Бұл – өте тиімді мөлшерлеме. Клиенттер тарапынан үлкен қызығушылық бар. Дистрибьютордан тікелей қаржыландыру – компанияларға тасымалдау сенімділігін арттыруға және шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді", – деді ол.

Қорытындылай келе айтқанда, КАМАЗ Қазақстан нарығында тек сапалы жүк көліктерін ғана емес, толыққанды логистикалық шешімдер, қаржылық құралдар және сенімді сервистік қолдау ұсынуды жалғастыруда. Компания барлық меншік нысанындағы кәсіпорындармен белсенді серіктестікке ашық.

Серіктес ақпараты

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты