ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы: Шымкентте "Ордабасы" командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

Қайрат Нұртас, Шымкент, ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы, Ордабасы, чемпион, салтанатты жиын  , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2026 20:58 Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Шымкентте футболдан Қазақстан чемпионы атанған "Ордабасы" клубының жеңісіне арналған мерекелік шара өтті. "Астана" алаңында ұйымдастырылған салтанатты кешке қала тұрғындары мен қонақтары жиналып, команданың тарихи жетістігін бірге атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай өткен шарада клуб ойыншылары мен бапкерлер құрамына чемпиондық алтын медальдар табысталып, жеңімпаз кубогы салтанатты түрде тапсырылды.

Концерт, ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы, Шымкент, Ордабасы, чемпион, салтанатты жиын  , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2026 20:58

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Жиында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков футболшыларды жеңісімен құттықтап, чемпиондық жетістіктің артында үлкен еңбек пен командалық бірлік тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ клубқа қолдау көрсеткен "Интегра" компаниясының басшылығына, бапкерлерге және жанкүйерлерге алғыс білдірді.

Концерт, ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы, Шымкент, Ордабасы, чемпион, салтанатты жиын  , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2026 20:58

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ал клуб президенті әрі директорлар кеңесінің төрағасы Дархан Қызайбай бұл жеңістің бүкіл қала тұрғындарына ортақ қуаныш екенін жеткізді. Оның айтуынша, команда сегіз ай бойы дайындалып, чемпиондық мақсатқа жету жолында аянбай еңбек еткен. Алдағы уақытта "Ордабасыны" халықаралық деңгейде таныту көзделіп отыр.

Концерт, ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы, Шымкент, Ордабасы, чемпион, салтанатты жиын  , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2026 20:58

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мерекелік кеште танымал өнер иелері Қайрат Нұртас пен Bayansulu өнер көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Шара соңы мерекелік отшашумен түйінделді.

Концерт, ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы, Шымкент, Ордабасы, чемпион, салтанатты жиын  , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2026 20:58

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, 25 қазанда өткен чемпионаттың қорытынды кезеңінде 68 ұпай жинаған "Ордабасы" мерзімінен бұрын Қазақстан чемпионы атанды. Осылайша, шымкенттік клуб өз тарихында екінші рет ел біріншілігінің алтын жүлдесін иеленді. Бұл нәтиже командаға алдағы маусымда УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде ел намысын қорғауға мүмкіндік береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: