Шымкенттіктер Республика күнін атап өтті

Шымкенттіктер Республика күнін атап өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2026 19:44 Сурет: Шымкент әкімдігі
Республика күні қарсаңында Шымкент қаласында Қазақстанның ұлттық мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік кешке қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен еңбек ұжымдарының мүшелері қатысты.

Қала әкімі көпшілікті Республика күнімен құттықтап, кәсіби қызметінде ерекшеленген, елдің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мемлекеттік наградалар табыстады.

Шымкенттіктер Республика күнін атап өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2026 19:44

Сурет: Шымкент әкімдігі

Шымкенттіктер Республика күнін атап өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2026 19:44

Сурет: Шымкент әкімдігі

Шымкенттіктер Республика күнін атап өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2026 19:44

Сурет: Шымкент әкімдігі

Мегаполис басшысы мерекенің тарихи маңызына тоқталып өтті. 1990 жылғы 25 қазанда Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануы Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуындағы маңызды кезең болып, еліміздің Тәуелсіздікке қарай жасаған қадамдарына жол ашты.

"Биыл бұл мереке Қазақстанның жаңа тарихи белесі – Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Егемендік пен елдіктің негіздерін сақтау және нығайту – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз", – деді Ғабит Сыздықбеков.

Қала әкімі, сонымен қоса, елімізде жалпы ұлттық референдум қорытындысы бойынша қабылданған жаңа Конституция негізінде саяси және қоғамдық жаңару үдерістері жалғасып жатқанын атап өтті. Ата заң мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, әділдік пен заң үстемдігін нығайтуға негіз болды.

Шымкенттіктер Республика күнін атап өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2026 19:44

Сурет: Шымкент әкімдігі

Шымкенттің дамуы туралы сөз қозғаған қала әкімі мегаполистің жетістіктеріне тұрғындардың қосып отырған үлесінің маңызын атап өтті. Бүгінде қаланың экономикалық әлеуеті артып, инвестициялар жұмылдыруда, инфрақұрылымды жетілдіріп, білім, мәдениет және спорт салаларындағы мүмкіндіктері кеңейіп келеді. Бұл бағыттар халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және қаланың одан әрі дамуына ықпал етеді.

Шымкенттіктер Республика күнін атап өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2026 19:44

Сурет: Шымкент әкімдігі

Салтанатты іс-шара "Бүгінгі Қазақстан" атты музыкалық-театрландырылған қойылыммен жалғасып, мерекелік концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: