YDD Corporation, AsiaFerroalloys және Ekibastuzferroalloys ресми мәлімдеме жасады

Сурет: Ekibastuzferroalloys
YDD Corporation, AsiaFerroalloys және Ekibastuzferroalloys компанияларының баспасөз қызметі БАҚ-та тараған ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады.

2026 жылғы 19 ақпанда бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында "YDD Corporation", "Asia Ferroalloys" және "Ekibastuzferroalloys" ферроқорытпа зауыттарының құрылтайшыларының бірі — кәсіпкер Нигматулин Е.З. қатысу үлестеріне қатысты белгілі бір құқықтық шектеулер бар деген мазмұнда ақпарат жарияланды.

Осыған байланысты, аталған деректердің шындыққа сәйкес келмейтіндігін ресми түрде мәлімдейміз.

Жүргізілген тексеру нәтижесінде бұл мәліметтердің мемлекеттік дерекқорға ақпарат енгізу барысында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) қызметкері жіберген техникалық қателіктің салдарынан пайда болғаны анықталды. "YDD Corporation" "AsiaFerroalloys" "Ekibastuzferroalloys" компаниялар тобының баспасөз қызметі

Тиісті тіркеуші орган қателікке жол берілгенін ресми түрде растады және өз тарапынан кешірім сұрады.

Қатысу үлестеріне қандай да бір құқықтық шектеулердің жоқ екенін уәкілетті орган берген ресми анықтамалармен толық расталады.

Компаниялар серіктестерді, іскерлік әріптестерді және жұртшылықты қалыптасқан жағдайдың шынайы мән-жайы туралы хабардар етуді маңызды деп санайды.

Бұл қадам жалған ақпараттың таралуына жол бермеу және орын алған жайтқа объективті баға беруді қамтамасыз ету мақсатында жасалып отыр.

Павлодар
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі