Енді IELTS тестінің 5.0 балы жеткілікті болады және бір жыл тілдік дайындықтан өту мүмкіндігі де қарастырылған. Мұндай шаралар техникалық мамандықтар бойынша оқыту мүмкіндігін кеңейту мақсатында қабылданып отыр.
Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, енді инженерлік-техникалық кадрларды дайындау басымдыққа ие болмақ. Сонымен бірге «Инженерлік-техникалық қызметкерлер» жеңілдетілген санатын енгізу қарастырылып жатыр.
«Болашақ» бағдарламасына құжат тапсыру кезінде олар міндетті түрде шетелдік университеттерге өз бетінше түспейді. Олар әуелі тіл курстарынан өтіп, стипендия тағайындалғаннан кейін бағдарлама бойынша оқуға ұсынылған университеттер тізімінен оқу орнын таңдай алады.«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Әнуар Жанғозин
Сонымен қатар ауылдық жерлерден келген үміткерлердің де мүмкіндіктерін арттыру жоспарланып отыр. Мысалы, IELTS нәтижесімен ағылшын тілін меңгеру деңгейін 5.0 балға дейін төмендету, ауылдық жерлерде міндетті тұру мерзімі 3 жылдан 2 жылға дейін қысқарту жоспарда бар, оларға тілдік дайындықтан өтуге мүмкіндік беріледі. Одан бөлек аудандық маңызы бар қала тұрғындарын қосу арқылы ауылдық жерлерден кандидаттардың контингентін кеңейту және олардың санын ұлғайту ұсынылды.
Одан басқа 23 техникалық шетелдік университетті үздік 250 халықаралық академиялық рейтингіне кіретін QS World University Rankings, Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education World University Rankings және БРИКС елдерінің жетекші 20 ұлттық рейтингтеріне енгізу жұмысы жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссия докторантураны бітірген стипендиаттарға, сонымен бірге әлемнің жетекші Fortune-500 компанияларында тағылымдамадан өту үшін стипендиаттарға бір жылдық мерзімді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.