Оқушылар «Қазақстан тарихы» бойынша емтиханды ауызша тапсыратын болады – ҚР БҒМ

Сурет: Zakon.kz
ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова "Қазақстан тарихы" бойынша емтихандарды оқушылар ауызша тапсыратынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқушыларға "Қазақстан тарихы" бойынша өз білімдерін ауызша жеткізу әлдеқайда оңайырақ. Сұрақтар өткен материалдарға сүйене отырып, әзірленеді. Бағалау кезінде оқушының сұрақтарға жауап беру, жауабын дұрыс құру, өз көзқарасын білдіру, қорытынды жасау және тарихи фактілерді сөйлете алу білігі ескеріледі. Түлектер Қазақстан тарихы бойынша 30 балл жинай алады. ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова

Оның айтуынша, "Қазақстан тарихы" емтиханында оқушылардың алдына таңдауға 30 билет ұсынылады, олардың әрқайсысында үш-үш сұрақтан бар. Оқушы бір билетті суырып, ондағы сұрақтарға жауап беруі керек.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео