Маңғыстау облысында мұғалімдерден ақша жинаған мектеп директоры жазаланды

Сурет: pixabay
Мұнайлы ауданындағы мектептердің бірінің педагогтары аймақтың білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне шағым түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Inaktau.kz-ның хабарлауынша, бұл факт туралы облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте жария етілді.

Мұнайлы ауданының бір мектебінде директор мұғалімдерден ақша жинап, оған қоса қарамағындағыларды міндеттеріне жатпайтын жұмыстарға тартқан. Осыған байланысты директор ескерту түрінде жаза алды. Маңғыстау облысы Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Есболат Өмірзақ

2021 жылы департаментке педагогтардың құқықтарын бұзу туралы төрт арыз келіп түсті.

Онда келтірілген деректердің бірінде мұғалімді заңсыз жұмыстан шығару жайлы айтылады. Бұл арыз департамент жанынан құрылған консультативтік-кеңесші органда қаралды. Ұсыныс қалалық білім бөліміне жолданды, содан кейін бұл мұғалім өз жұмысына қайта оралды.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді