Резидентураға түсуге биыл 500 адам ниет білдірген. Бөлінгені - 100 орын, байқау талабы жоғары. Биыл университет басшылығы еңбек өтілі бар дәрігерлерге әр жылына 6-7 баллдан қосу жөнінде жеңілдік енгізген. Ал енді ғана оқу бітірген жастар мұны әділетсіздік деп санайды, делінген Astana.tv жаңалықтарында.
Тестен жоғары нәтиже көрсетсек те, қорытынды баллымыз 91-ден, 92-ден жоғары болсақ та мемлекеттік грантқа өтпей тұрмыз. Ешқандай еліміздің астанасы Нұр-Сұлтанда да, Алматыда да медициналық университеттерде ондай жоқ. Ақтөбе қаласының тұрғыны Әсем Увайсова
Арнайы комиссия мүшелерінің айтуынша, әр оқу орны басшылығы грант талаптарын өзгертуге құқылы көрінеді. Сондықтан өңірдегі кадр тапшылығын жою мақсатында биыл еңбек өтілі бар дәрігерлерге басымдылық берілгенін айтады. Ал университетті енді бітірген түлектері шалғай ауылдарға барып тәжірибе жинауына болады дейді. Сынақ нәтижесі жақын күндері жарияланбақ.
Мемлекеттік грант бойынша 7 жыл оқыған түлектеріміз интернатурадан кейін 3 жыл еңбек етуі керек. Квотамен оқығандар ауылда жұмыс істеуге міндетті. Бірақ ешқайсысының аудандық ауруханада жұмыс істегесі жоқ. Бізде қазір елу де елу болып тұр. Мәселен Акушер гинекологияға еңбек өтілі бар адам да, еңбек өтілі жоқ адам да өтеді. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің деканы Роза Нұрғалиева