Microsoft Қазақстан мектептеріндегі информатика бағдарламаларын жаңарту бойынша ұсыныстар жасайды

Қазақстандық педагогтер мен мектептердің Microsoft корпорациясының цифрлы мүмкіндіктерін пайдалануы, информатика бойынша оқу бағдарламаларын жаңарту, инклюзия бойынша бірлескен жұмыс және басқа да келісімдер бойынша меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

​Оқу-ағарту министрілігінің баспасөз қыметі ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов Microsoft компаниясының өкілдерімен кездескенін хабарлады.

Тараптар білім беруді цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Алдағы бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыруға келісті.

"Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жасаған сапарында Microsoft корпорациясының Орталық Азия және Шығыс Еуропа бойынша бас менеджері Мишель Симмонспен кездескен еді. Сол кезде тараптар компанияның Қазақстандағы қатысуын кеңейту перспективаларын талқылады. Ал бүгін осы бағыттағы жұмыстардың жалғасы ретінде компания өкілдерімен бірден бірнеше келісімге келістік. Инклюзив білім беру бағытындағы бірлескен жұмысты нығайтамыз", - деді Аймағамбетов.

Аймағамбетов министрлік меморандумға қол қоймас бұрын да педагогтердің білігін арттыру және сертификаттау бойынша Microsoft корпорациясымен бірлесіп жұмыс істегенін айтты. Мысалы, "Майкрософт Педагог", "Майкрософт педагог-сарапшы" бағдарламасы бойынша қазақстандық мұғалімдер Венгрияда, Канадада, Сингапурда, АҚШ-та және басқа елдерде өткен мұғалімдерге арналған Educator Exchange халықаралық форумына қатысты.

Министр мектептеріміз де Microsoft Imagine Cup Junior бағдарламасына қатысып жатқанын айтты.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: