Ауыл оқушылары сыныптасының жағдайын ойлап, көз протезін жасап шықты

Сурет: primeminister.kz
Жасанды көзді Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауылыңдағы №1 орта мектеп оқушылары ойлап тапқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жасанды көзді үнді робототехнигі Канти Шарманың үлгісімен құрастырдық. Бұл жобаны жасауға өзіміздің сыныптасымыздың жағдайы түрткі болды",– дейді оқушылар.

Дария Мұстафина мен Әмір Сайранов жобаcын 2 айда жүзеге асырған. Енді олар екінші көз протезін жасап, оны ми нейрондарымен байланысын зерттемек. Олар протезді "Наурыз кездесулерінде" Оқу-ағарту министріне таныстырды.

Айта кетейік, 15-17 наурыз аралығында заманауи ғылымның ең өзекті тақырыптарына арналған ғылыми жобалардың көктемгі байқауы өтіп жатыр. 150 жас ғалым жасанды интеллект, робототехника, машиналық ойлау және денсаулық сақтауды енгізу бойынша жүзден астам жобаны ұсынады. Еліміздің барлық өңірлерінен 17 тірек ауыл мектебінің оқушылары өз жұмысын таныстырады. Олар 3D биопринтингке, ақылды протездер жасауға, биоинтерфейстерге және заманауи медицинаның басқа да өзекті басымдықтарына арналған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты