«Технониколь» корпорациясының Президенті: Қазақстан біз үшін стратегиялық мақсатымыздың ажырамас әрі маңызды бөлігі болып табылады

Біз Қазақстан Республикасына инвестицияларды бірнеше жыл бойы жоспарладық, өйткені бұл мемлекет біз үшін халықаралық көшбасшы болу стратегиялық мақсатымыздың  - әрқашан ажырамас және маңызды бөлігі болып келді.

Бірақ биылғы жылы экструзионды пенополистиролдан жасалған жылу оқшаулағыш материалдар өндіретін екі зауыттың құрылысына 45,5 млрд теңге инвестиция салу туралы түпкілікті шешім қабылдадық. Бұл туралы «Технониколь» корпорациясының президенті Сергей Колесников «Kazakhstan Global Investment Roundtable 2021» жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстел аясында мәлімдеді.

Қазақстан экономикасының сенімді өсуін көрсеткен санаулы салаларының бірі (өткен жылы 11% - дан астам) құрылыс болып қала береді. Құрылыстың белсенді қарқыны құрылыс материалдары нарығының дамуын, соның ішінде жылу оқшаулаулағыш құралдардың әр түрлі түрлерін тұтынуды ынталандырады. Қазақстан құрылыстарында осы өнімнің жетіспеушілігі импорттық жеткізілімдердің өсуімен өтеледі - Қазақстан аумағында тұтынылатын барлық минералдық оқшаулаудың шамамен 70%-ын импорттық жеткізілімдер құрайды. Бүгінгі таңда Ресей негізгі импорттаушы болып отыр. Атап айтқанда, ТЕХНОНИКОЛЬ өнімдері Ресей Федерациясынан жеткізілімдердің едәуір бөлігін алады. Компанияның оқшаулау материалдары Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттамасына сәйкес келеді және сұранысқа ие.Сергей Колесников

«Технониколь» корпорациясы басшысының айтуынша, минералды оқшаулау өндіретін зауытты 2023 жылы, полимерлік жылу оқшаулауды 2024 жылы іске қосу жоспарланып отыр, бұл ішкі сұранысты қанағаттандырып қана қоймай, Батыс Қытай, Қырғызстан және Өзбекстанға экспорттық жеткізілімдерді жүргізуге мүмкіндік береді. Олардың үлесі жалпы өндіріс көлемінің 25% дейін жетуі мүмкін.

Жаңа өндірістер 220 заманауи жоғары өнімді жұмыс орнын ашады. Компания кәсіпорындарындағы еңбек өнімділігі жылына 80 млн теңге/адамды құрайды.  Бұл ретте олардың әрқайсысы шикізатты жеткізу, логистика, сервистік қызмет көрсету және т. б. сияқты аралас салаларда өңірде тағы 4 қосымша жұмыс орнын құруға көмектеседі.

Сергей Колесниковтың пікірінше, жобаның негізгі артықшылықтары экологиялылық, қауіпсіздік және т.б.

Сондай-ақ, инвестор Алматыда 11 білім беру бағдарламасы бойынша жылына 1000 құрылысшыны тегін оқытатын жергілікті оқу орындарының бірінің базасында заманауи жабдықталған оқу орталығын ашу жоспарланғанын атап өтті.

Кез келген инвестор ретінде инвестициялық жобаны бастау кезінде біз жобаны жоспарлы мерзімде іске асыру мүмкіндігін, Үкіметтің инвестормен бірлесіп нақты кейстерді шешуге дайындығын қамтамасыз ететін заңнамалық талаптардың тұрақтылығына назар аударамыз.Сергей Колесников

Айта кету керек, Kazakhstan Global Investment Roundtable-2021 шеңберінде ТЕХНОНИКОЛЬ корпорациясы «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-мен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: