Медицина қызметкерлері психоактивтік препараттарды сатқаны үшін жауапқа тартылды

Қазақстанда 108 медицина қызметкері таблеткалардың сақтау шарттарын бұзғаны үшін және психоактивтік препараттарды айналымда ұстағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ мәліметінше, ел аумағында жоспардан тыс "Дәрмек" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Рейдтік іс-шара кезеңінде прекурсорлар мен медициналық препараттарды қолданатын мыңнан астам ұйым тексерілді.

"Алдында өткен "Дәрмек" жедел-алдын алу іс-шарасымен салыстырғанда анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтардың 30%-ға өскені байқалады",- деп мәлімдеді ведомство.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжановтың айтуынша, әкімшілік жауапкершілікке 191 лауазымды тұлға тартылды, оның ішінде 108 медицина қызметкері.

"Сақтау шарттарын бұзғаны үшін 44 мың таблетка және 14 мың ампула психоактивтік препараттар айналымы шектелді. Есірткі құралдарымен жұмыс істеу саласында бес қылмыстық құқық бұзушылық анықталды",- деді ресми өкіл.

Мысалы, Батыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіптік объектілерінің бірін тексеру барысында лицензиясыз пайдаланылған 14 тоннадан астам тұз қышқылы анықталып тәркіленді. Абай облысындағы медициналық ұйымды тексеру кезінде есірткі құралдарын сақтау және жою қағидаларын бұзу дерегі анықталды, онда 137 ампула психоактивтік заттар тәркіленді. Фармацевтке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қазақстандықтың Ресейде қолға түскені хабарланған болатын. 

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: