Атырау облысында автобус пен арнайы техника соқтығысты: үш жолаушы ауруханаға жеткізілді

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2026 22:40 Фото: pexels
Атырау облысының Құлсары қаласында жолаушылар автобусы мен арнайы техниканың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Соқтығысу салдарынан бірнеше адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апат сәті өтіп бара жатқан көліктің видеорегистраторына түсіп қалған. Кадрлар әлеуметтік желілерде тарады.

Видеодан арнайы техниканың бұрылу маневрін жасап жатқанын көруге болады. Сол сәтте оның металл конструкциясының бір бөлігі жол бойымен келе жатқан автобустың алдыңғы әйнегін тесіп өтіп, салонның ішіне кіріп кеткен.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның ресми мән-жайын хабарлады.

"Махамбет даңғылында Yutong автобусы мен арнайы техниканың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан автобустың үш жолаушысы ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады полиция департаменті 2026 жылғы 21 қыркүйекте Zakon.kz тілшісіне.

Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: