Қарағанды облысында "ГАЗель" автобуспен соқтығысты

Қарағанды облысында "ГАЗель" автобуспен соқтығысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2026 20:21 Сурет: видео скрині
Қарағанды облысында "ГАЗель" мен жолаушылар автобусы соқтығысып, салдарынан бірнеше адам медициналық көмекке жүгінді. Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, жол апаты бүгін, 8 қыркүйекте, Қарағандыдан шамамен үш шақырым жерде, "Волынский" мал шаруашылығы қожалығы маңында болған.

"ГАЗель" мен Қарағанды – Жәйрем бағыты бойынша қатынайтын маршруттық автобус соқтығысқан.

"ГАЗель жүргізушісі мен оның жолаушысы, сондай-ақ маршруттық автобустың екі жолаушысы медициналық мекемелерге жеткізілді. Аталған факт полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады полиция.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда BMW таксимен соқтығысып, гүлзарға кіріп кеткенін хабарлағанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: