Алматыда BMW таксимен соқтығысып, гүлзарға кіріп кетті
Сурет: Zakon.kz
Алдын ала мәлімет бойынша, BMW көлігі Түркебаев көшесімен солтүстік бағытта, ал VinFast VF 6 электркроссовері Төле би көшесімен шығыс бағытта қозғалған.
Көліктер қиылыстың дәл ортасында соқтығысқан.
Куәгерлердің айтуынша, соққыдан кейін такси бір жаққа қарай ұшып кетіп, ал BMW инерциямен қозғалысын жалғастырған.
Седан тоқтамай, Төле би көшесін кесіп өтіп, тротуарға шығып кеткен. Жол белгісін қағып, үлкен гүлзарға кіріп кеткен.
Соқтығыс танымал қоғамдық тамақтану орындары орналасқан аумаққа жақын жерде болған.
Оқиға кезінде тротуарда адамдар көп болған. Абырой болғанда, бақылаудан шыққан көліктің астында жаяу жүргіншілердің ешқайсысы қалмаған.
Жол апатына қатысқандардың барлығын оқиға орнында дәрігерлер қарап шыққан. Ешкім ауыр жарақат алмаған.
Апаттың нақты мән-жайын, жүргізушілердің кінәсін және қиылыстағы қозғалыстың нақты схемасын жол полициясы анықтайды.