Қазақстанда қалдықтарды бөлек жинау қажеттілігі нақты жазылған жаңа Экологиялық кодекс қабылданды, бірақ елімізде қатты тұрмыстық қалдықтар әлі де қалдықтардың түрлері бойынша іс жүзінде сұрыпталмай жүр. Бұл экологиялық мәселені шешу тек мемлекеттік органдар мен қалдықтарды жинау және қайта өңдеу кәсіпорындарына емес, сонымен қатар сол қалдықтарды шығарушылардың өзіне де байланысты.
Сонымен қатар, Алматы сияқты халқы тығыз орналасқан қалалардағы қоқыстардың саны халық санымен және оның әл-ауқатымен, демек, тұтыну көлемінің өсуімен бірге көбейіп жатыр.
Ресми статистикаға сәйкес, Алматы халқы 2022 жылғы 1 қыркүйекте 2 миллионнан асты. Мегаполисте қоқысты жинау және шығарумен 20-дан астам ұйым айналысады. Ірі қала қатты тұрмыс қалдықтарын жинау және әкету жөніндегі қызметтермен 100% қамтылған, осы қызметтердің 70%-ын "АҚ Тәртіп" ЖШС ұсынып отыр.
Кәсіпорын мамандарының айтуынша, олар сұрыптап жинаудың жоқтығына байланысты қатты тұрмыс қалдықтарының шамамен 15%-ын ғана өңдей алады: құнды фракциялар дымқыл қоқыспен ластанып, өңдеуге жарамсыз болып қалады. Қайта өңдеу көрсеткішін арттыруға мүмкіндік жетпейді.
Негізінде мегаполис бүгінде үлкен эксперименттік алаңға айналды. Бұл қалада қоқысты бөлек жинаудың жетістіктері мен сәтсіздіктері мұны елдің басқа қалаларында ескеріледі.
2022 жылғы қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында PlastNet пластик қалдықтарын жинау және қайта өңдеу желісінің мамандары Алматыдағы жүзден аса ірі тұрғын үй кешенін аралап шықты. Оның 36-сында бөлек жиын ұйымдастырылып, "АҚ Тәртіп" ЖШС торлары орнатылды. Тағы 31 тұрғын үй кешені бөлек жинауды ұйымдастыруға келісті, оның ішінде 7 кешенде торлар орнатылып, мониторинг бойынша тұрақты жұмыстар жүргізіліп келеді. Қалған 41 тұрғын үй кешенінде қызметкерлер мен жабдықтардың (торлар, машиналар) жетіспеушілігінен торларды орнату мүмкіндігі жоқ және торларды контейнер алаңына орнату мүмкіндігі болмай отыр.
Ірі тұрғын үй кешендерінде пластик жинауға арналған екі торлы контейнерден бір айда шамамен 50 келі, ал жылына — жарты тоннадан астам пластик қалдықтары алынады.
Сарапшылардың болжамынша, екі миллион адам тұратын қаланың барлық ірі тұрғын үй кешенінде қоқыс пен пластикті бөлек жинау жүйесі енгізілсе, онда жылына 60 тоннадан астам қайта өңделетін қалдықтар жиналады.
EcoWorld қайта өңделетін шикізатты жинау және әкету жөніндегі компания директоры Нұржан Шымғамбаевтың сөзінше, қоқысты әкету және қайта өңдеу — бәрінің қолынан келе бермейтін, кадрлар жиі ауысатын жұмыс. Бұл аз десеңіз, контейнерлер жетіспейді және оларға сұраныс та көп.
Шымғамбаевтың айтуынша, сұрыптап жинауға арналған контейнерлер орнатылған кешен тұрғындары біртіндеп органикалық қоқыстарды пластиктен, әйнектен және тағы басқасын бөлуге дағдыланады.
"Біртіндеп адамдар қоқысты бөлек сұрыптау не үшін қажет екенін, оның қоғам мен планетамызға қандай пайда әкелетінін түсіне бастады. Бүгінде Алматыдағы бөлек жинауға арналған контейнерлер орнатылған аудан тұрғындарының мұны жете түсіне бастады". Нұржан Шымғамбаев