Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды
Фото: Zakon.kz
Курстарды білім беру қызметін жүзеге асыратын және:
- біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасының бағыты бойынша кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілі бар жаттықтырушы-оқытушылар.
Бұл ретте ұйым жаттықтырушы-оқытушыларының жалпы санының кемінде 40% – мынадай дәрежелер мен біліктіліктердің бірі болуы тиіс:
– ғылым кандидаты (ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе магистр дәрежесі;
– "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты;
– "педагог-шебер" біліктілік санаты;
– немесе тиісті бейін бойынша ұйымдардың (өндірістік кәсіпорындардың) мамандары мен қызметкерлерінің болуы;
- қашықтан немесе аралас нысанда оқытуды жүзеге асыру кезінде LMS пайдалану туралы мәліметтер қамтылған Ұйымның интернет-ресурсы;
- санитарлық қағидалар мен өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін меншікті немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығындағы материалдық активтер немесе жалға берілетін материалдық активтер.
Курстарды өткізу кезеңінде жекелеген дәрістерді оқуға және практикалық сабақтарды жүргізуге ұйымның шешімі бойынша өңірлік палаталардың, кәсіпорындардың және қызметкерлер қауымдастықтарының өкілдері тартылады.
Курстар:
- күндізгі нысанда (жалақысын сақтай отырып, еңбек қызметінен қол үзіп);
- қашықтық нысанда (еңбек қызметінен қол үзбей);
- аралас нысанда (қашықтықтан оқыту нысанын қолдана отырып, күндізгі нысанда ұйымдастырылады.
Қашықтықтан немесе аралас нысанда оқыту LMS-те жүзеге асырылады, оған:
- тыңдаушының жеке кабинеті;
- оқыту және бағалау материалдары мен ресурстары;
- оқу сабақтарының кестесі;
- педагогтердің қызметін курстан кейінгі сүйемелдеу материалдары кіреді.
Ережелер LMS оқу процесін басқаруды автоматтандыруға арналған ақпараттандыру объектісі екенін анықтайды.
Курстардың ұзақтығы 36 және одан да көп академиялық сағатты құрайды. Курстың бір академиялық сағаты 45 минутты құрайды.
Курс аяқталғаннан кейін Ұйым білім беру бағдарламасына сәйкес нысан бойынша қорытынды бағалау өткізеді.
Қорытынды бағалаудан өткен тыңдаушыларға сәйкес қағаз немесе цифрлық түрде сертификат беріледі.
Цифрлық сертификат Ұйым тарапынан міндетті түрде QR-кодты (кью ар-кодты) пайдалану және ПБДҚ-да верификациялау арқылы беріледі. Осыған байланысты қағаз сертификаттарды беру талап етілмейді.
Біліктілікті арттыру курстарын өткізетін ұйым педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдарының тізіліміне енгізілуі тиіс.
Бұйрық 12 шілдеден бастап енгізілетін нормаларды қоспағанда, 15 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.