Қымбатшылық қысып барады

Сурет: Pixabay
Ұлттық статистика бюросы бір айдағы баға өзгерісіне қатысты мәлімет жариялады

Қазан айымен салыстырғанда, қараша айында азық-түлік тауарларының бағасы 0,9%-ға, азық-түлік емес тауарлар бағасы 1%-ға, ақылы қызметтер 0,3%-ға қымбаттады, деп хабарлайды zakon.kz.

Жеке тоқталып өтер болсақ, жаңа жиналған көкөністер 8,3%, жұмыртқа 2,1%, ұн 1,5%, пастерленген сүт, жармалар, макарон өнімдері 1%-ға қымбаттаса, тоқаш және ұн өнімдері 0,9%, нан, құмшекер, шұжық өнімдері, жылқы еті 0,8%-ға, құс еті 0,7% -ға қымбаттады. Темекі өнімдерінің бағасы 1%-ға, алкогольді сусындардың бағасы 0,5%-ға артқан. Дегенмен картоптың бағасы 1,4%-ға арзандаған.

Жанар-жағармай бағасы да қымбаттай түсті.

Дизель отынының бағасы 14,6%-ға, баллондағы сұйытылған газдың бағасы 13,6%-ға, тас көмірдің бағасы 3,7%-ға, бензин бағасы 2,4%-ға қымбаттады.Ұлттық статистика бюросы

Фармацевтикалық өнімдердің де бағасы 0,7%-ға қымбаттай түскен.

Тұрғын үйді жалдау құны да 1,4%-ға қымбаттаған.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласындағы тарифтердің де біршама қымбаттағаны байқалды.

Ыстық су 3,5%-ға, қоқыс шығару 1,3%-ға, электр энергиясы 0,5%-ға қымбаттады. Ұлттық статистика бюросы

Ал орталықтан жылыту құны 1,3%-ға арзандаған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды