Өңірде жұмыртқа өнімдерін өндіру бойынша 2 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Олар - "Алмалы құс" және "Бақай Құс" ЖШС. Екеуінің өндіріс қуаттылығы 1 айда 2 млн дананы құрайды. Демек, 2 кәсіпорын облыс қажеттілігінің тек 30%-ын қамтамасыз етеді. Өңірдің қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін Қостанай, Ақтөбе, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарынан жұмыртқа өнімдерін тасымалдау жүзеге асырылады, - дейді Атырау облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабеков.
Бірінші санаттағы жұмыртқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне кіретіні атап өтіледі.
Бүгінгі таңда жұмыртқа өнімдері "айналым схемасы" арқылы 38 сауда саттық нүктесінде, құны 35,6 теңгеден Идеал-маркет арқылы сатылады. Алыпсатарлық әрекеттер мен жұмыртқа тапшылығының алдын алу мақсатында Идеал-маркетке бір қолға 10 жұмыртқадан аспайтын шектеу белгіленді. Басқа сауда орындарында мұндай шектеу жоқ. Нұрбол Жаңабеков