Тоқаев әділетті Қазақстанның экономикасында фаворитизмге орын жоқ екенін айтты

Сурет: akorda.kz
Экономикалық саясат мемлекеттің ұзақ мерзімді мүдделері жолында нақты мақсаттарға қол жеткізуге бағытталады. Қасым-Жомарт Тоқаев 22 қазанда Ақордада өткен мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды тапсыру салтанатында осылай деді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент сол арқылы барлық отандастың өмір сүру сапасы артатынын айтты.

Әділетті Қазақстанның экономикасында фаворитизмге орын болмайды. Біздің экономикалық саясатымыз мемлекеттің ұзақ мерзімді мүддесі жолында нақты мақсаттарға қол жеткізуге бағытталады. Оның мәні – экономикалық өсудің абстрактылы цифрларына ұмтылу емес, әр азамат өзін-өзі таныту үшін кең мүмкіндіктер мен тең жағдайлар жасау, барлық отандастардың өмір сүру сапасын тұрақты жақсарту. ҚР президент Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан іс жүзінде заң үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында соттар мен құқық қорғау органдарын реформалауды жалғастыратынын атап өтті.

Құқықтық тәртіп азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттырудың негізгі факторына айналады. Адамдар – біздің басты байлығымыз, экономикалық және әлеуметтік прогрестің негізгі қозғалтқышы. Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қазақстан адам әлеуетіне стратегиялық инвестицияларды ұлғайтатынын, жастарымызды және азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын жан-жақты қолдайтынын атап өтті.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Социс-А" ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумдағы экзитпол нәтижелерін жариялады

Тоқаев: Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

Референдум: үшінші экзитпол нәтижелері жарияланды

Еуразиялық интеграция институтының экзитпол нәтижелері

ҚР ІІМ: дауыс беру барысындағы қоғамдық тәртіп толық бақылауда