Ол энергетиктер де, қоғам қайраткерлері де елдегі жылумен жабдықтау жүйесінің мүшкіл хәлі туралы көптен бері дабыл қағып келе жатқанын баса атап өтті.
"Өз уақытында, тамыз айында осы мәселеге қатысты жан-жақты әрі тыңғылықты сұқбат берген болатынмын. Ол арада мен жылумен жабдықтау жүйесіне, әсіресе электр және жылу энергиясын біріктіріп өндіретін жүйеге талдау жасадым. Шетелдік тәжірибені алға тарта отырып, әбден тозу және осыған байланысты апаттар орын алған жағдайда не істеу керектігін де айтқан едім", - дейді Қазақпартқа берген өз сұқбатында маман.
Хайрушев Қазақстанның жылу энергетикасындағы тарифтердің төмен екенін, оның экономикалық-негізсіз белгіленгенін де атап өтті.
"Тарифтер сектордың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етпейді, субъектілердің шығындарын толық өтемейді, жылу энергетикасы кәсіпорындарын жылу энергиясын өндіру кезінде отынның үлестік шығынын азайтуға, желілердегі жылу шығынын төмендетуге ынталандырмайды. Жақында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қазақстандық ЖЭО мен басқа да жылу активтерін қайта жаңартуға республикалық бюджеттен қаражат бөлу мәселесін пысықтауды тапсырды. Логикалық тұрғыдан алғанда, бұл ақша тозу деңгейі 70%-дан асатын мемлекеттік компанияларға кетеді және апат орын алып жатқан станциялар көбіне, мемлекеттік меншікте. Яғни, іс жүзінде бұл станцияларды жаңғырту немесе дамытуға қолданыстағы тарифтер жеткіліксіз екенін білдіреді. Бұдан шығатын қорытынды, саланың апаттық жағдайының себебі меншіктік сипатқа емес, қолданыстағы тарифтік саясатқа қатысты". Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген энергетик Жақып Хайрушев