Мәжіліске алты партия өтті

Сурет: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Алдын ала жүргізілген exit-poll қорытындысы бойынша Мәжіліске алты партия өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірақ «Байтақ» жасылдар партиясы өтпеді. Ол ең аз дауыс санын (2,51%) жинады.

«Байтақ» партиясының жетекшісі Азаматхан Әміртаев наурыздың 19-ы күні экзит-полл қорытындысы жарияланғаннан кейін мәлімдеме жасады.

"Exit-poll қорытындысы бойынша біздің партия парламентке өткен жоқ. Бірақ "Байтақ" партиясы өз күшімен ұсынылған бағдарлама бойынша жұмысты жалғастырады", - деп жазды Азаматхан Әміртаев Facebook парақшасында.

Сондай-ақ, жаңа парламентке ел игілігі үшін қызмет етуді тіледі.

Қазақстандықтардың 3,65 пайызы барлығына қарсы дауыс берді.

19 наурызда Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті. 12 035 578 қазақстандық дауыс берді. ОСК-ның алдын ала мәліметі бойынша, Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де сайлаушылардың 54,19 пайызы дауыс берді.

Мәжіліс сайлауына жеті саяси партия жіберілді:

118 партиялық тізім бойынша мәслихаттар – 334 орынға 1447 кандидат.

Бір мандатты аумақтық округтер бойынша – 10288 кандидат. Олар 3081 мандатқа таласты, орташа бәсеке бір мандатқа үш үміткерден көп болды.

ОСК мен аумақтық сайлау комиссияларында барлығы 12 451 кандидат тіркелген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді