Ақшолақов жанар-жағармай мен дизельді не үшін қымбаттату қажет болғанын түсіндірді

Сурет: Zakon.kz
Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов арнайы баспасөз мәслихатында Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасы не үшін өсіп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

БАҚ өкілдері қазірдің өзінде оңтүстік өңірлерде дизель отынының тапшылығы байқалып отырғанын атап өтті. Осыған байланысты олар "жанар-жағармай бағасының өсімі бұл мәселені шеше алады ма" деген сауалды алға тартты. 

"Осыған байланысты бірыңғай 100 пайыз шешім табады деп айту қиын, бірақ бағаның өсімі – жанар-жағармайды рұқсатсыз, жасырын шекара асыруға қарсы ең маңызды тетіктердің бірі бола алады. Баға көтерілген кезде, заңсыз схемаларды қолданудың экономикалық пайдасы салыстырмалы түрде азаяды". Болат Ақшолақов


Ол Қазақстан жанар-жағармай бағасы ең төмен елдер тізіміне енетінін баса атап өтті. Мысалы, оның айтуынша, Ресейде дизель отынының 1 литрі орташа есеппен 345 теңгені құрайды, бұл - 45%-ға қымбат көлем. Ал Қырғызстанда оның бағасы 64%-ға жоғары немесе 390 тг/л, Өзбекстанда ол екі есе қымбат: 480 тг/л (101%).

Нәтижесінде қазақстандық дизель шекара асырып сатудан түсетін маржа 50-ден 120%-ға дейін барады, сомасын есептегенде, жылына 140 млн долларды құрайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда "самокаттар" мен велосипедтерге де мемлекеттік нөмір тағу міндеттелуі мүмкін