ҚР үкіметінің отырысында жанар-жағармай бағасының төмендеуі инфляциялық үдерістерге белгілі бір ықпалын тигізетіні туралы айтылды.
"Егер оның тікелей әсерін қарастырсақ, дизель отынының тұтыну қоржынының 0,4%-ын және АИ-92 бензинінің шамамен 2% үлесін ескерсек, бұл - жан басына шаққандағы орташа көрсеткіш. Инфляция деңгейі шамамен 0,35% болады. Бұл дегеніміз - тікелей әсері. Оған қоса жанама әсер де болады. Дизель отыны мен бензин біздің өндірушілердің өзіндік құнына кіретінін ескерсек, белгілі бір мультипликативті әсер болады", - деді Әлихан Смайылов.
Дегенмен президент министрлер кабинетіне жыл соңына дейін инфляцияны екі есеге төмендету міндетін қойып отыр.
"Сол үшін де үкімет инфляциялық процестерді тежеу бойынша жүйелі және жедел шаралар қабылдап жатыр. Наурыз айының қорытындысы бойынша инфляция қарқынының айтарлықтай бәсеңдеуі байқалып отыр. Егер ақпанда жылдық инфляция 21,3% болса, наурызда біз қазірдің өзінде 18,1% болғанын көріп отырмыз. Бұл үрдіс жалғаса береді. Біз инфляциялық процестерді тежеуге бағытталған шаралар кешенін белсенді түрде іске асыруды жалғастырамыз".Әлихан Смайылов
Энергетика министрлігі бензин мен дизель отынының бағасын өзгерту туралы шешім жобасын жариялады. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, бұл шешім оңай қабылданбады. Мәжбүрлі түрде қабылданды. Бұл туралы Смайылов шешім қазірден қолға алынбаса, жақын арада жанар-жағармай тапшылығына тап боламыз деп есептейді.