Дизель қымбаттағанымен, ол таяу арада басқа тауарлардың бағасына әсер етпейді – АШМ

Сурет: ОКҚ баспасөз қызметі
Ауылшаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтың айтуынша, Қазақстанда дизель отыны қымбаттағанымен, ол таяу арада басқа тауарлардың бағасына еш әсер етпейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы вице-министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында айтты.

"Жалпы, жанар-жағармай бағасының өсуі тауарлардың құнына әсер етеді, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуметтік маңызы бар тауарларының да. Жалпы, сараптамалық бағалауға сәйкес, жанар-жағармай бағасының 20%-ға өсуі тауардың өзіндік құнының 2-ден 5%-ға дейін артуына әсер етуі мүмкін. Бірақ қазір көктемгі суару маусымына қажетті көлем, яғни 413 мың тонна алдын ала қарастырылып қойғанын атап өту керек. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 мың тоннаға артық көлем. Бағасы да нарықтық бағадан 20%-ға төмен.  Сондықтан жанар-жағармай бағасының, атап айтқанда дизель отынының өсімі қысқа мерзімді перспективада бағаларға әсер етпейді". Ербол Тасжүреков

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин 4 сәуірде Үкімет дәлізінде журналистерге берген сұқбатында азық-түлік бағасының айтарлықтай өсімі орын алмайтынын айтқан болатын. Сол күні Премьер-министр Әлихан Смайылов, керісінше, жанар-жағармайдың қымбаттауы инфляцияға әсер ететінін мәлімдеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды