Павлодарда күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты мұнай-химия зауыты жұмысын тоқтатты

Сурет: pnhz.kz
Павлодар мұнай-химия зауыты нысанда жоспарлы күрделі жөндеудің басталуына байланысты жұмысын уақытша тоқтатқанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жұмыс кестесін ҚР Энергетика министрлігі бекітті, ол бойынша 2023 жылдың 20 маусымы мен 19 шілдесі аралығында Павлодар мұнай-химия зауытының жұмысы уақытша тоқтайды.

"Кәсіпорында күрделі жөндеу кезінде жүргізілетін жұмыстың негізгі бөлігіне технологиялық жабдықтардың (құбырлар, пештер, бу құбырлары және т.б.) өнеркәсіптік қауіпсіздігін техникалық тұрғыдан куәландыру, жөндеу және сараптау кіреді. ҚР "Азаматтық қорғау туралы" Заңы мен саладағы қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес, жоғарыда аталған жұмыстарды орындау кезінде зауыттың технологиялық объектілерін пайдалануды толық тоқтату талап етіледі", делінген ПМХЗ хабарламасында.

Зауыт жұмысы тоқтайтын кезеңге 37 мың тонна бензин мен 47 мың тонна дизель отынының қоры жеткілікті мөлшерде жинақталған. Бұл көлем кәсіпорынды жөндеу кезінде өнімді бірқалыпты жөнелтіп отыруға мүмкіндік береді.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі