Шетелдік сарапшылар Қазақстан экономикасы туралы не дейді

Сурет: pexels
Standard & Poor's (S&P) халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз несие рейтингін тұрақты болжаммен BBB-/A-3 деңгейінде растап, Қазақстан экономикасының өсу перспективасына баға берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, шетелдік сарапшылар елдің несие рейтингіне әсер ететін негізгі факторлар ретінде экономиканың күшті фискалдық және сыртқы теңгерімін атады. Бұл ретте Қазақстанның таза мемлекеттік қарызы төмен, ал өтімді сыртқы активтер сыртқы тәуекелдерден қорғану үшін жеткілікті.

"Сарапшылардың болжамы бойынша, 2023-2026 жылдар аралығында шоғырландырылған бюджет тапшылығы орта есеппен ЖІӨ-нің 1,6%-ына дейін төмендейді. Сонымен бірге салық саясаты мен әкімшілендіруді реформалау күш-жігері мемлекет кірістерінің өсуіне ықпал етеді", - делінген Ұлттық экономика министрлігі хабарламасында.

Сонымен қатар S&P Қазақстан үкіметі инвестициялық бағдарламалар арқылы экономиканы әртараптандыруға, мемлекеттің қатысуын қысқартуға және бәсекелестікті дамытуға қолдау көрсетуге, салық саясатын жетілдіруге бағытталған макроэкономикалық саясатты жүргізіп жатқанын атап өтті.

"S&P 2023-2026 жылдары Қазақстан экономикасының өсімі 4% деңгейінде болады деп болжады", - делінген министрлік таратқан хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды