"Шаңды дауыл, тұман, найзағай". Еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жарияланды

Сурет: unsplash
19 сәуірде Қазақстанның 11 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Шымкентте солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с құрайды. Түркістанда солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с болады деп күтіледі. 

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі.  Түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл тұрады, күндіз шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Жетісу облысының шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады. Талдықорғанда күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі. 

Ақмола облысында түнде солтүстік-батыстан, облыстың солтүстік-шығысында солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда оңтүстік 18  м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Өңірдің солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады. Өскеменде күндіз найзағай ойнайды.

Күндіз Абай облысының солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады деп күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2024 жылдың мамыр айына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты