Жаңалықтар тізбегі
0

+40°С. Мамыр айында күн қатты ысиды деп болжанады

Ауа райы болжамы, мамыр айы, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2024 17:34 Сурет: pxhere
"Қазгидромет" РМК алдағы мамыр айына арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми хабарламада мамыр айында жазғы атмосфералық процестерге көшу жүзеге асырылатыны баса атап көрсетілген.

"Көпжылдық мәліметтерге сәйкес, оңтүстік аймақтарда айдың бірінші жартысында, ал солтүстік аймақтарда айдың соңына карай тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауады, бұршақ түсіп, жел соғады деп күтіледі. Айдың басым бөлігінде сынап бағаны жоғарылап, негізі мамыр айы ыстық болады деп болжанады". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Мәселен, республикамыздың солтүстік жартысында күндіз температура +25...+35°C дейін, оңтүстік бөлігінде +30...+40°C дейін ысуы мүмкін.

Суық толқындар әсерінен ауа температурасының мына аймақтарда төмендейді деп күтіледі:

  • солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда, сондай-ақ еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде ауа температурасы: -5...+5°C, күндіз: +10...+15°C;
  • еліміздің батысында және оңтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде: +5...+15°C дейін, күндіз +16...+26°C.
"Мамыр айында республикамыздың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары, батыс аймақтарда норма шамасында болады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Жалпы, мамыр айында жауын-шашын мөлшері республикамыздың басым бөлігінде норма шамасында, елдің қиыр батысында нормадан жоғары, Қазақстанның оңтүстік, орталық өңірлерінде нормадан төмен болады деп болжанады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: