"Жемесең, түсіңе кіреді": Қазақстанда ет қымбаттады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда ет бағасы 12% көтерілді. Бұл туралы сарапшылардың баяндамасында айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылдың шілде айының соңында ет, оның ішінде ет өнімдерінің бағасы айына 0,3% және жылына 11,2% өсті. Energyprom.kz-тің зерттеуіне сай, өңірлік контексте бағаның жылдық динамикадағы өсуін елорда тұрғындары қатты сезінді: плюс 16,3%. Көшбасшы алғашқы үштікке Алматы (плюс 15,5%) және Солтүстік Қазақстан (плюс 15,2%) облыстары да кірді.

Бір қызығы, бағаның ең аз өсімі Түркістан облысында тіркелді: 5,7%.

"Ет түрлері бойынша сиыр еті 11,5%, қой еті 7,1%, шошқа еті 11,9%, жылқы еті 9,1%, қайнатылған шұжық 14,5%, жартылай ысталған шұжық 12,7% қымбаттады", - дейді мамандар.

Сонымен қатар республика бойынша дүкендер мен базарларда сиыр етінің құны орта есеппен келісіне 2,6 мың теңге, қой еті 2,8 мың теңге, шошқа еті 2,2 мың теңге, жылқы еті 3 мың теңге, қайнатылған шұжық 2,8 мың теңге, ысталған шұжық 3,3 мың теңге болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін