Қазақстанда тұтынушылардың құқығы бұзылғаны туралы шағым саны артып келеді

Сурет: Zakon.kz
Жыл сайын Қазақстанда тұтынушылардың құқығының бұзылуы туралы шағымдар саны 20% артып келеді. Бұл туралы 28 қыркүйекте мәжіліс алаңында Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайрат Балықбаев 2020 жылы уәкілетті органға тұтынушылардың құқығы бұзылғаны туралы 21 мың шағым түскенін, ал 2022 жылы шағымдар саны 30,2 мыңға дейін өскенін хабарлады.

"Басқа мемлекеттік органдарға келген арыз-шағымдардың өсімі 2021 (44,8 мың шағым түскен) және 2022 жылмен (49,8 мың шағым түскен) салыстырғанда 11% болды. Осындай жағдай қоғамдық тұтынушылар бірлестіктерінде де байқалады. Бұл экономиканың жекелеген секторларында тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы жүйелі проблемаларды көрсетеді", - деді Сауда және интеграция вице-министрі.

Қазақстан тұтынушылары көбіне мына салаларда құқығының бұзылғанына шағымданды:

Ең көп өсім қоғамдық тамақтану қызметтерінде – 2,8 есе, көлік және байланыстың әрқайсысында – 2,5 есе, сонымен қатар медицина саласында – екі есе болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін