Жалпыға бірдей декларациялау: заңды тұлғаның басшылары және жеке кәсіпкерлер нені білуі керек

Сурет: pixabay
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың ІІІ кезеңі басталады, бұл кезеңде "Активтер мен міндеттемелер туралы" (250.00-нысанды) декларацияны заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және жеке кәсіпкерлер, олардың жұбайы ұсынуға міндетті.
Мемлекеттік кірістер комитеті егер жоғарыда аталған тұлғалардың санатынан болып, бірақ кәсіпкерлік қызметпен айналыспаған немесе тоқтата тұрған жағдайда, заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына қызметін тоқтату туралы салық өтінішін беруді ұсынды.

Ол үшін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның басшысы екеніңізді, қызметін тоқтатқан немесе әрекетсіз салық төлеушілердің тізімінде екеніңізді мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсының электрондық сервистеріне мына сілтемелер бойынша өтіп, тексере аласыз:

250.00-нысандағы салық есептілігін мемлекеттік кірістер органдарына 15-шілдеден кешіктірмей қағаз түрінде, электронды түрде  15-қыркүйектен кешіктірмей "Салық төлеушінің кабинеті" (cabinet.salyk.kz) Web-қосымшасы немесе e-Salyq Аzamat, еGov mobile, Halyk мобильді қосымшалары арқылы ұсыну қажет.

2024 жылы 250.00-нысанды ұсынғаннан кейін, 2025 жылдан бастап бұл тұлғалар жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысанда) ұсынуға тиіс.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі Декларацияны уақытылы ұсынбағаны үшін алғашында ескерту қарастырылған, ал бір жыл ішінде қайталап аталған заң бұзушылық жасалса 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатынын ескертті.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды