Ұлттық статистикалық бюросы жариялаған есепке сәйкес, 2024 жылғы қаңтар-қырқүйектегі өндірілген жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі есептік деректер бойынша 84 962 626,1 млн теңгені құрады. 2024 жылғы қаңтар-қырқүйектегі ЖІӨ құрылымында еңбек ақы төлеу 31,8% құрады, өндіріске және импортқа салынатын салықтар - 9% және негізгі үлес жалпы пайда/жалпы аралас табысқа тиесілі –59,2%.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша еңбек ақы төлеу құрылымында ең көп үлесті көтерме және бөлшек сауда қамтиды:
- автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (16,27%),
- білім беру (12,93%),
- өңдеу өнеркәсібі (10,22%).
Еңбекақы құрылымындағы ең аз үлестер:
- үй шаруашылығындағылардың өз тұтынысы үшін тауарлар өндіру мен қызметтер көрсету қызметі (0,22%),
- сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызмет (0,46%),
- баспананы жалға беру және тамақтану қызметтерін ұсыну (1,05%).
Еліміздің ЖІӨ-нің басым үлесін қызметтер құрайды (48 062 346,2 млн теңге), тауарлар өндірісі 30 897 192,8 млн теңге әкелді, өнеркәсіптен түскен табыс 22 890 711,3 млн теңгені құрады.