Арман Шаққалиев: Қазақстанның ЕАЭО-дан шығу жоспары жоқ

Сурет: primeminister.kz
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 2025 жылғы 23 қыркүйекте Үкіметтегі брифингте Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше болуының тиімділіктерін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, одаққа қатысудың Қазақстан үшін бірқатар артықшылықтары бар.

"Біз интеграциялық кеңістікте өмір сүріп жатырмыз – оның пайдасы айқын. Соңғы 10 жылда ЕАЭО елдерімен тауар айналымымыз артты. Биыл шамамен 20 млрд теңге көлемінде үлкен динамика байқалуда. Бұл біз үшін өте үлкен өткізу нарығы. Біз бірқатар бағыттар бойынша бір-бірімізді толықтырамыз", – деді Арман Шаққалиев.

Сондықтан оның айтуынша, Қазақстанның ЕАЭО-дан шығу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ.

"Әр елдің өз салалары, өз тетіктері бар. Бірақ ең бастысы – бәріміз де әлемдік экономиканың қатысушыларымыз. Біздің міндет – экспорт әлеуеті мен қуатын арттыру", – деп түйіндеді министр.

Бұған дейін Қазақстанның ЕАЭО елдері арасында жалақы деңгейі бойынша көшбасшылардың бірі екені жазылған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі