Елімізде астықтың жаңа сұрпы патенттелді

Сурет: Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі
А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдары "Таймас" атты астықтың жаңа сұрыпын ойлап тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жаңа сұрып мемлекеттік тексерістен сәтті өтіп, патент алды, енді басым тұқымдар түрінде таратылатын болады.

Ақмолалық селекционерлер "Таймасты" соңғы 15 жыл бойы зерттеген.

Астық орталығының мамандары жаңа сұрып құрғақшылыққа және қоңыр тотқа төзімді екенін айтты.

"Бидайдың тот басқан аурулары, әсіресе елдің солтүстік аймақтарында өнімділіктің төмендеуінің басты себептерінің бірі болып саналады. Астық сапасының технологиялық көрсеткіштері бойынша, "Таймастың" құрамында шикі клейковинаның мөлшері 32,3-34,5%, ақуыз 15,1-15,7% болатын күшті бидайға жатады". Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

Зерттеу жылдарында жаңа сұрып өзін жоғары өнімді ретінде көрсетті, максималды көрсеткіші гектарына 38,5 ц/га құрады. Тіпті, 2018 жылы, өсімдік ауруларының өршуі болған  қиын кезде, ол басқа сорттардан 8 ц/га асып түсті. 

"Таймас" Солтүстік Қазақстан жағдайында өсіру үшін өте қолайлы, –   дейді мамандар. 

"Таймас" Қазақстанның селекциялық жетістіктерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген.

Қазіргі уақытта тұқымның элиталық түрін көбейту жұмыстарына дайындық жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі