Қазақстандықтар паспорт пен жеке куәлікті арнайы терминал арқылы рәсімдей алады

ЦОН, центры обслуживания населения, egov, егов, паспорт, цифровые документы, удостоверение личности, ЭЦП, электронная цифровая подпись  Мобильное приложение eGov mobile, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2026 14:54 Фото: Zakon.kz
Жасанды интеллект және ішкі істер министрлері бірлескен бұйрықпен "Биометриялық құжаттандыру терминалы" бағдарламалық-аппараттық кешені арқылы Қазақстан азаматтарына паспорт пен жеке куәлік беру жөніндегі пилоттық жобаны іске қоспақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар мен жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызметі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының фронт-офистерінде биометриялық терминал арқылы көрсетіледі.

Пилоттық жоба қолданыстағы құжат рәсімдеу тәртібіне балама ретінде республикалық маңызы бар қалалар мен елордада, облыстардың әкімшілік орталықтарында, сондай-ақ Байқоңыр қаласында бұйрыққа қол қойылған күннен бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асырылады.

Сонымен қатар пилоттық жобаны жүзеге асыру алгоритмі бекітілді.

Терминал арқылы құжат рәсімдеу үдерісі мынадай кезеңдерді қамтиды:

  • қызмет алушының жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу;
  • Мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөмірін енгізу;
  • Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорымен ықпалдастыру арқылы қызмет алушыны биометриялық сәйкестендіру;
  • дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру;
  • графикалық ақпаратты жинау, оның ішінде қызмет алушыны суретке түсіру және қолтаңбасын алу.

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының полиция департаменттері, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі құжаттандыру терминалы арқылы рәсімделген электрондық өтінімдердің уақтылы тексерілуін қамтамасыз етеді.

Бұл қызмет Қазақстан азаматтарына жеке куәлігінің жарамдылық мерзімі аяқталуына байланысты ғана көрсетіледі. Бұл ретте құжаттың жарамдылық мерзімінің аяқталуына күнтізбелік 30 күн немесе одан аз уақыт қалуы не оның мерзімі 10 күннен аспайтын уақыт бұрын өтуі керек. Азамат бағдарламалық қамтамасыз етудің тиісті бөлімінен қажетті мемлекеттік қызметті таңдайды.

Азамат ХҚКО-ға жүгінген кезде қабылдау бөлімінің қызметкері құжатты ауыстыру себебін анықтайды. Егер белгіленген мерзімдер талапқа сай келсе, қызмет алушыны құжаттандыру терминалына бағыттайды.

Өтінімді қызмет алушы өзі толтырады. Қажет болған жағдайда ХҚКО қызметкері кеңес береді.

Полиция департаментінің қызметкері құжаттандыру терминалы арқылы келіп түскен өтінімді тексереді. Фотосурет немесе қолтаңба белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, құжаттандыру қағидаларының бұзылғаны анықталса не қосымша тексеру жүргізу қажет болса, полиция қызметкері себебін көрсете отырып, өтінімнің күшін жояды.

Қызмет алушыға өтінімнің күшін жою туралы SMS-хабарлама жіберіледі.

Мобильді азаматтар базасының, биометриялық сәйкестендіру жүйесінің немесе құжаттандыру терминалының жұмысында 10 минуттан астам уақытқа созылған техникалық ақау туындаса, азамат мемлекеттік қызмет алу үшін өтінішті қағаз түрінде береді.

Бұйрық 2026 жылғы 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: