Қазақстанда кәсіпкерлерге арналған бірыңғай жеке кабинет іске қосылды
Фото: freepik
""е-Минфин" кіші жүйесінің "Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті" пилоттық жобасы іске қосылсын", – делінген құжатта.
Сонымен қатар пилоттық жобаны енгізу алгоритмі бекітілді. Ол пайдаланушылардың "е-Минфин" кіші жүйесіндегі "Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті" арқылы мемлекеттік қолдау шараларын алуға өтінім беру тәртібін айқындайды.
Жүйе Бизнесті қолдаудың бірыңғай порталымен және "цифрлық үкімет" веб-порталымен интеграцияланады.
Алгоритмді іске асыру нәтижесінде кәсіпкерлер eGov Business арқылы "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қолдау шараларын алуға өтінім бере алады. Бұл ретте операторлардың сыртқы ақпараттық ресурстарына өтудің қажеті болмайды.
Бірыңғай жеке кабинетте кәсіпкер:
- қажетті мемлекеттік қолдау шарасын таба алады;
- қолдау талаптарымен танысады;
- қажетті құжаттар тізімін көреді;
- электронды өтінім береді.
Жүйе мәліметтер мен құжаттардың бір бөлігін автоматты түрде қалыптастырады.
Өтінім жіберілер алдында бірыңғай жеке кабинет алдын ала тексеру және скоринг жүргізеді.
Электронды цифрлық қолтаңбамен расталғаннан кейін өтінім операторға жіберіледі. Кәсіпкер жеке кабинет арқылы өтінімнің мәртебесін, қаралу тарихын және қабылданған түпкілікті шешімді бақылай алады.
Пилоттық жоба 2027 жылғы тамызға дейін жалғасады.
Бірлескен бұйрық 2026 жылғы 24 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді.