Орталық Азияда баламасы жоқ тәжірибелік ғарыш кешеніне шетелдіктер қызығушылық танытуда

Сурет: pixabay
Айдын Айымбетов екі серігімен бірге Ұлттық ғарыш орталығы аумағында орналасқан Space Nomad тәжірибелік кешенін сынақтан өткізеді. Кешеннің Орталық Азияда баламасы жоқ. Бір жылда тұрғызылды. Төрт адамның өмір сүруіне ыңғайлы етіп жабдықталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Тамақтануы, демалу, жұмыс кестесі ғарыш жағдайына сәйкес түзілген. Ұлттық ғарыш орталығында орналасқан бұл кешеннің іші ғарыш кемесінің ішкі көрінісіне әбден жақындатылған. Ғалымдар тобы осы кешенге бірнеше күнге кіріп, келешекте ғарышта  жүргізілуі тиіс зерттеулер тізімін анықтайды. Ал алғашқы экипаж екі күн бойы кешен жұмысын сынақтан өткізбек.  Қазіргі таңда тағы бірнеше кешен салу жоспары қарастырылуда", деп хабарлайды "Хабар 24".

"Жабық кеңістікте адамның психологиялық-физиологиялық жағдайы тексеріледі. Бір сапар отыз күннен бір жылға дейін созылуы мүмкін. Сондай-ақ осы типті бірнеше кешен салынады. Олардың арасында Марстың, Айдың бедері бар кешен құрылысы жоспарлануда". Жоба жетекшісі Рүстам Абдрахманов

Жобаға шетелдіктер ерекше ықылас танытуда. Кәсіби ғарышкерлермен қатар туристер де кешенге келіп, дайындықтан өтуіне болады.   

"Шетелдік агенттіктер тарапынан халықаралық экипаж құруға қызығушылық бар. Қазіргі уақытта ғалымдардан бөлек туристер қатысатын экипаждар құру нұсқалары талқылануда. Алдағы уақытта бұл экипаждар жасақталады деген ойдамын"."Қазақстан ғарыш сапары" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Айдын Айымбетов

Аталған кешен жас ғалымдар үшін қуанышты жаңалық болары сөзсіз. Яғни, аэроғарыш саласына қызығып жүрген студенттер мен оқушылар өз жобаларын осы жерде жүзеге асыруына мүмкіндік бар.

"Space Nomad жобасы тек елімізге ғана емес, жастарға да үлкен көмегін тигізеді. Мектеп оқушылары өз жобаларын экипаж мүшелеріне ұсынып, оларды іс жүзінде тексере алады".Жас ғалым Ерасыл Тәуекел

Айта кетейік, келесі сапар шілде айына жоспарланған. Сапарға ғалымдар қатысады деп күтілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі