Қазақстанның жас ғалымы полиэтилен пакетке балама дайындап жатыр

Сурет: Ғылым және жоғары білім министрлігі
С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың жас ғалымы Нариман Қайырбеков "Табиғи полимерлер негізінде биологиялық ыдырайтын материалдарды әзірлеу" атты жоба бойынша еңбектеніп жүр.

Қарапайым сөзбен айтқанда, полиэтилен пакеттерінің баламасын жасау арқылы қоршаған ортаны ластанудан қорғап, әлемдік мәселені шешуге ұмтылып жатыр. Полиэтилен пакеттері ғасырлар бойы биологиялық түрде ыдырамайды. Осылайша қоршаған орта тұрақты түрде ластана береді.

Мәселенің өзект екенін түсінген Нариман Қайырбеков мектепте оқып жүріп, осы мәселені шешу жолдары туралы ойланған екен. Қазір жас ғалым тақырыпты толыққанды зерделеу мен эксперименттік зерттеулер сатысында. 

"Крахмал немесе целлюлозадан биоматериал жасауға тырысамын. Қолданғаннан кейін оларды ыдырату үшін суда еріту жеткілікті. Қазір материалдың икемділігімен жұмыс істеп жатырмын. Менің арманым - Қазақстан өндірісінде биологиялық ыдырайтын өнімді жасап шығару", - дейді Нариман.

Бүгін ЖОО ғалымы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне грант қаржыландыру конкурсына қатысуға өтінім берген. Жас ғалым мемлекеттен қаржылай қолдау алған жағдайда жобаны толықанды жүзеге асырмақ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін