Қарағандыда монша өртеніп, 12 адам эвакуацияланды

Қарағандыда монша өртеніп, 12 адам эвакуацияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2026 10:04 Сурет: pexels
Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданында үш қабатты ғимараттың жертөле қабатында өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт ғимараттың жертөле қабатында орналасқан бу бөлмесінде тұтанған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде ғимаратты қою түтін басқан.

"ТЖМ қызметкерлері баспалдақ арқылы ғимараттан 12 адамды, оның ішінде бір баланы эвакуациялады", – деп хабарлады ведомство 2026 жылғы 18 қарашаға қараған түні.

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін Алматы облысында да осындай жағдай болған. Қонаев қаласында ғимараттың жертөле қабатында орналасқан сауна өртенген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: