Қарағандыда 10 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 40 адам эвакуацияланды

Өрт, Қарағанды, көпқабатты тұрғын үй, эвакуация , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2026 16:24 Сурет: Zakon.kz
Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, Степной-3 шағын ауданында 10 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жлв 13 қыркүйекте ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады:

"Оқиға орнына жеткен Қарағанды облысы ТЖД құтқарушылары дереу барлау жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Өрт шыққан пәтерден ер адам құтқарылды. Сонымен қатар ТЖМ қызметкерлері 40 адамды, оның ішінде 17 баланы баспалдақ арқылы эвакуациялады. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрттің таралуына жол берілмей, тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Кәсіби іс-қимылдардың нәтижесінде өрт қысқа мерзімде толық сөндірілді".

Бұған дейін елімізде өрт қауіпсіздігі аудитін жүргізетін сараптама ұйымдарын аккредиттеу тәртібі өзгергені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: