Алматыда көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерден өрт шығып, 25 адам құтқарылды
Сурет: pixabay
Бүгін, 8 тамызда Алматыда Зерделі ықшам ауданында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, пәтерде жиһаз бен жеке заттар өртенген.
"Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы 15 тұрғынды эвакуациялады. Автокөлік сатысының көмегімен 8 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды. Тағы 4 адам құтқару қалпақтарының көмегімен баспалдақ арқылы шығарылды. Өрт 15 шаршы метр аумақта болып, қысқа уақыт ішінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", делінген хабарламада.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Бұған дейін Алматы облысында дала өртіне тікұшақ тартылғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript