Қарағандыда 200 шаршы метр аумақты шарпыған өрт болды

Өрт 200 шаршы метр аумақты шарпыды: Қарағандыдағы өрттің мән-жайы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2026 10:57 Сурет: ҚР ТЖМ
Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданындағы Речной көшесінде орналасқан екі қабатты ғимараттан өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт шамамен 200 шаршы метр аумаққа тараған. Ғимараттың ағаштан жасалған қабатаралық жабындысы, жиһаз, тауарлық-материалдық құндылықтар, жылу оқшаулағыш материал және ғимараттың сыртқы пластик қаптамасы жанған.

Жоғары температураның әсерінен жақын орналасқан жапсарлас нысанның пластик қаптамасы мен жиһазы да зақымданған.

Өртті сөндіру кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері ғимараттан көлемі 50 литр болатын екі газ баллонын алып шыққан. Осылайша алда болып қалуы мүмкін деген қосымша қауіптің алдын алды.

Өрт қазіргі таңда толықтай сөндірілді. Абырой болғанда, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: