Астанада алапат өрт болып жатыр

Өрт, Алматы, Сарыарқа ауданы, үш қабатты ғимарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2025 10:47 Сурет: Zakon.kz
28 желтоқсанда, сағат 10-00 шамасында Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Ықылас Дүкенұлы көшесінде орналасқан үш қабатты ғимараттан өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер жоғары дабыл дәрежесі деңгейі бойынша жұмыс істеуде.

"Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ. Өрт сөндіру оқпандары енгізілді, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Оқиға орнында арнайы штаб құрылды. Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамасының 100 адамы мен 24 техникасы жұмылдырылды", делінген хабарламада.

Бұған дейін Таразда фаст-фуд дайындайтын дүңгіршек өртенгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: