Астанада отқа оранған үш қабатты ғимараттағы өрт оқшауланды
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Ықылас Дүкенұлы көшесінде отқа оранған үш қабатты ғимараттағы өрт оқшауланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады:
"Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде екінші және үшінші қабаттар отқа оранғаны және шатырдың жартылай құлағаны анықталды. Өрт сөндірушілердің уақтылы және кәсіби әрекеттері өрттің одан әрі таралуының алдын алуға және оқиғаның салдарын барынша азайтуға мүмкіндік берді. Дәл қазіргі уақытта от оқшауланды".

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Сондай-ақ зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түспегені де нақтыланады.

Сурет: Zakon.kz
Бұған дейін Астанада алапат өрт болып жатқаны хабарланған. Өртті сөндіруге ТЖД-ның жеке құрамасының 100 адамы мен 24 техникасы жұмылдырылды
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript