Экономика бойынша Нобель сыйлығы әйелдердің еңбек нарығын зерттеген ғалымға берілді

Сурет: pixabay
9 қазанда Стокгольмде экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты анықталды. Сыйлықты америкалық Клаудиа Голдин еңбекақы төлеу кезіндегі гендерлік айырмашылықты зерттегені үшін алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Associated Press агенттігінің мәліметінше, Гарвард университетінің профессоры Клаудия Голдин "еңбек нарығындағы гендерлік алшақтықты түсінуді тереңдеткен зерттеулері үшін" Нобель сыйлығымен марапатталды. Голдин бұл сыйлықты алған тарихтағы үшінші әйел экономист атанды(қалған 90 лауреат – ер адамдар).

Клаудия Голдин соңғы 200 жылдағы еңбек нарығындағы әйелдердің жағдайын зерттеп, үздіксіз экономикалық өсімге қарамастан, әйелдердің жалақысы әрқашан ерлердің жалақысын анкем боп келгенін көрсетті. Қазір әлемде әйелдердің білім деңгейі орта есеппен жоғары болса да, гендерлік алшақтық әлі күнге дейін жойылмай отыр. Өткен ғасырларда әйелдер еңбегі туралы ресми ақпарат болмағандықтан, зерттеу авторына мұрағат қорларынан аз белгілі дереккөздерді іздестіру және мәліметтер қорын құру үшін жүйелеу арқылы нақты детективтік зерттеу жүргізуге тура келген.

Нобель комитеті 77 жастағы Клаудия Голдиннің зерттеулерінің арқасында әйелдердің еңбек нарығындағы орны айқын болғанын және оның еңбегін қазіргі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге пайдалануға болатынын атап өтті.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы