Қазақстанның бірнеше оқушысы астрономиядан халықаралық олимпиада жеңімпаз атанды

Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстандық оқушылар астрономиядан екінші ашық халықаралық "OWAO" олимпиадасына қатысып, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, астрономиядан екінші ашық халықаралық олимпиадада Дамир Әленов есімді оқушы алтын жүлдеге ие болды.

Ал Ахмаджон Табаров, Бекасыл Елубай, Уәлихан Қылышбек және Заңғар Сүннатовтер күміс медальға ие болды.

"Қазақстан құрамасы олимпиадада дайындығының, білімі мен шеберлігінің жоғары деңгейін көрсете білді", – делінген хабарламада.

"OWAO" ең жас олимпиада болып саналады. Ол әлем бойынша үздік астрономиялық дәстүрлер мен пән мамандарын біріктіреді. Биыл олимпиадаға 14 елдің өкілдері қатысты.


Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды